Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ бойынша ашық дереккөздерге негізделген талдау
Steppe Intelligence — Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Оңтүстік Кавказ елдеріндегі саяси, экономикалық және реттеуші үрдістерге маманданған тәуелсіз талдамалық агенттік. Біз инвесторларға, комплаенс-командаларға және корпоративтік клиенттерге аймақтағы шешімдерді қабылдауға көмектесетін талдау ұсынамыз — апта сайынғы дайджесттен бастап жеке зерттеулер мен контрагенттерді тексеруге дейін.
Біздің қызметтеріміз
Біз не істейміз
Аналитикалық есептер мен зерттеулер
Тапсырыс бойынша жеке зерттеулер: нарық пен салаларды талдау (энергетика, тау-кен өнеркәсібі, қаржы, технология секторларын қоса), елдік шолулар, саяси және реттеуші үрдістер, инвестициялық, M&A және комплаенс міндеттері үшін аймақтық контекст. Формат — қысқаша жазбадан 20–40 беттік толық есепке дейін. Негізгі жұмыс аймағы — Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ; клиент тапсырысы бойынша Ауғанстан және оның көрші елдері бойынша да жұмыс істейміз.
Steppe Brief — апта сайынғы талдау
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы апта ішіндегі саяси, экономикалық және реттеуші оқиғалар бойынша жазылым форматындағы SOCMINT-дайджест. Әрбір шығарылымда — executive summary, елдік талдаулар, әлеуметтік медиа шолуы және сарапшылық пікірлер. Инвесторларға, комплаенс-командаларға және менеджментке арналған.
Контрагенттерді тексеру
Заңды тұлғаларды, негізгі тұлғаларды және түпкі бенефициарларды (UBO) мемлекеттік тізілімдер, сот деректер базасы, санкциялық тізімдер, медиа және басқа да ашық дереккөздер арқылы кешенді тексеру. Комплаенс міндеттері, M&A мәмілелері және инвестициялық сараптама мақсатында.
Неге Steppe Intelligence
Аймақтық фокус
Орталық Азия мен Оңтүстік Каваз бойынша бес жылдық талдамалық қызмет. Әр елдегі жергілікті сарапшылар желісі. Тілдік және медиалық ортаның ішкі ерекшеліктерін білу.
Көптілді SOCMINT
Әлеуметтік медианы және Telegram-арналарды аймақтың бес тілінде — орыс, қазақ, өзбек, қырғыз және тәжік тілдерінде бақылау. Халықаралық провайдер үшін бірегей мүмкіндік.
Ашық дереккөздер
Барлық қорытындылар атрибуциясы көрсетілген тексерілетін ашық дереккөздерге негізделген. Біз жабық ақпаратпен жұмыс істемейміз. Біздің есептерімізді комплаенс құжаттарында және инвестициялық меморандумдарда сілтеме ретінде пайдалануға болады.
Тәуелсіздік
Біз мемлекеттік құрылымдармен, саяси ұйымдармен немесе коммерциялық топтармен аффилирленбегенбіз. Біздің қорытындыларымыз тек фактілерге негізделген.